Қытайлар қазақтарға еліктеп жатыр ма?
Қытай қазақтарының тіршілігі туралы түсірілген «Менің Алтайым» телехикаясының танымалдығы артып келеді. 8 бөлімнен тұратын туынды Қытай Орталық Телевизиясында 7 мамырдан бастап көрсетіле бастаған. Аспан асты елінің онлайн видео платформасындағы телехикаяның көрілімі алғашқы екі күнде-ақ 10 миллионнан асып жығылған. Ал қытайлық Доуин және Вэйбо әлеуметтік желілерінде «Менің Алтайым» ең көп ізделген сөзге айналыпты. Ал басты рөлдері сомдаған қытай актерлері тіпті қазақ тілін үйреніпті.