Turkistan Feed
Президент «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды
         <description>Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірегей спорт жобасы – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы алдымен еліміздің әр түкпірінен келген 116 жеткіншек тәрбиеленіп жатқан заманауи жатақхана ғимаратын аралады. Орталықта еліміз бойынша 4 мыңнан аса баланың ішінен іріктеліп шыққандарын испандық бапкерлер ойын әдістерін үйретуде. Мұнда балалардың толыққанды оқуы мен жеке даярлығына барлық жағдай жасалған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары, оның ішінде жаңа ашық алаңдар мен 500 орындық жабық манеж құрылысы таныстырылды. Академия орнын таңдауда Талғар ауданының таза ауасы мен жағымды климаты негізге алынған. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ФИФА талаптарына сай келетін футбол алаңында болып, испан әдістемесімен жаттығып жатқан жасөспірімдердің шеберлігін тамашалады. Оған  Испанияның Қазақстандағы Елшісімен бірге «Атлетико Мадрид» клубының директорлар кеңесінің мүшесі Давид Вилья және өзге де халықаралық деңгейдегі спорт мамандары қатысты.</description>
Өрт қаупі жоғары маусым: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
         <description>Жаздың аптап ыстығы бастала салысымен Түркістан облысында өрт қауіпсіздігіне байланысты жұмыстар күшейтілді. Өңірдегі тілсіз жаудың алдын алуға тікұшақтан бастап, мыңдаған ауыл еріктілеріне дейін жұмылдырылып жатыр. Қазірдің өзінде дала өрті таралмас үшін ұзындығы жол бойындағы 9 600 шақырым жер жыртылып, арнайы қорғаныс жолақтары салынған. Бұл дайындық жұмыстарының сапасы мен кемшіліктері облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте қатаң қаралды.
Тілсіз жаумен күреске  өңірдегі 12 орман шаруашылығы да толық дайын. Мамыр айының соңында Бәйдібек ауданында өткен «Өрт-2026» ауқымды оқу-жаттығуында құтқарушылардың қауіпті сәттегі іс-әрекеті пысықталған еді.  Төтенше жағдай қызметі апатпен күреске  340 маман, 70 техника және 1 тікұшақты сақадай сай етіп отыр. Тікұшақпен су алатын арнайы 10 орын да бекітілген. Өрт маусымы басталғалы қауіпсіздік ережесін бұзатындар шыға бастады. Оларға қатысты 95 әкімшілік іс қозғалып, 6 миллион 200 мың теңге айыппұл салынды. Дайындықты баяндаған жауаптыларды тыңдаған аймақ басшысы, аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасады.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 
Орман және дала өрттерінің алдын алу үшін тұрақты бақылау жүргізуді тапсырамын. Аудан, қаладағы өрт сөндіру бекеттерін заманауи көлік және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Аудан, қала әкімдеріне дала өрттері орын алған жағдайларды тікелей жеке жауапкершілікке алатынын ескертемін. Сіздер сағат қарап отыратын жағдай емес. Егер нақтылы құжатта жүргізілген жұмыстар толық әрі тиісті деңгейде жүзеге асырылмаса, соның салдарынан төтенше жағдай орын алса, онда тікелей жауап бересіздер.
Өңірде әсіресе, таулы және орманды алқаптардағы бақылау күшейді.  «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне өртті ерте анықтайтын смарт жүйелер орнатылып, су жаңа 5 техника берілді. Жалпы орман қорында жүздеген трактор, патрульдік көліктер мен 1500-ден астам өрт сөндіргіш құралы дайындалған. Ал  өрт сөндіру бөлімі жоқ шалғай ауылдарды қорғау үшін 2 жарым мыңнан астам тұрғын еріктілер жасағына кірді. Алайда, кейбір аудандарда маусымдық бекеттерді ашу жұмыстары әлі де ақсап тұр.
САНЖАР БҮРЛІБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Құру жоспарына сәйкес 37 бекет құру қажет болса, бүгінгі күнге 33 маусымдық бекет құрылған. Жаңа атап өткендей, Ордабасы, Түлкібас, Келес, Сарыағаш аудандарында бір-бірден бекет құрылмаған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес, маусымдық өрт сөндіру бекеттері ауыл құтқарушылары бағдарламасы шеңберінде жыл бойы жұмыс істейтін өрт сөндіру бекеттеріне ауыстырылды. Бағдарламаға сәйкес жалпы 49 өрт сөндіру бекетін құру және қайта жаңғырту жоспарланған. 
Осылайша шалғай елді мекендерді тілсіз жаудан қорғауда «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы жақсы нәтиже беруде. Осы бекеттердің жедел әрекет етуімен қазірдің өзінде 25 өрт ошағы сөндіріліп, адамдар аман қалды. Жалпы арнайы бағдарламаның шарапатымен 2021 жылы 8 өрт сөндіру пункті, 2022 жылы 3 пункт ашылған болатын. Биыл тағы 3 өрт сөндіру пунктін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудан және қала әкімдіктері жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, қосымша 18 өрт сөндіру бекетін жасақтау жөнінде ортақ келісімге келді. Жазғы қауіпті маусымда аймақтың амандығын сақтау жұмыстары үздіксіз жалғаса бермек.</description>
Дербісектегі дау сотта қаралуда
         <description>Ширек ғасыр бойы жұртты дүрбелеңге салған Дербісектегі судың дауы басылатын емес.  Ауылдағы стратегиялық маңызы бар су ұңғымасын пайдаланып келген кәсіпорынға қатысты бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, іс сотқа жетті. Прокуратура мен уәкілетті органдар заң талаптарының сақталмағанын алға тартуда. Ал тұрғындар болса, ауызсу мәселесінің түбегейлі шешілуін талап етеді.
Даудың өзегі – «ТП-32» су ұңғымасы. Ресми деректерге сәйкес, кәсіпорын санитарлық-қорғау аймағына қатысты міндетті құжаттарды рәсімдемеген. Сонымен қатар су пайдалану лимитін асырғаны және екі су құбыры желісіне есептеу құралдарын орнатпағаны анықталған. Осы деректер негізінде әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынған. Қазіргі таңда жер телімінің заңдылығына қатысты мәселе сотта қаралып жатыр.
 ДӘУЛЕТ АРТЫҚБАЙ - ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
(Заң талаптарының бұзылғаны, анықталған фактілер және сот процесі жөніндегі пікір)
 Мәселенің екінші жағы – халықтың алаңдаушылығы. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеулерде тұрғындар су көзінің тағдырына қатысты өз наразылықтарын білдіріп, ұңғыманың мемлекет меншігіне қайтарылуын сұрауда. Олардың айтуынша, ауыл халқының мүддесі кез келген коммерциялық мүддеден жоғары тұруы тиіс.
ГҮЛЧЕХРА СЫБАНҚҰЛОВА - АУЫЛ БЕЛСЕНДІСІ 
ДӘУРЕН НИШАНБАЕВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
Ресми мәлімет бойынша, бүгінде Дербісек ауылында ауызсу тапшылығы жоқ. 18 мыңға жуық тұрғынның басым бөлігі орталықтандырылған жүйеге қосылған. Су коммуналдық мекеме мен резервтік ұңғыма арқылы берілуде. Дегенмен тұрғындарды толғандырған негізгі сұрақ – заң бұзушылықтар анықталған нысанның әрі қарайғы тағдыры.
ЫРЫСБАЙ ОМАРХАНОВ - АУЫЛ БИІ 
Мамандардың айтуынша, қандай шешім қабылданса да, ең алдымен халықтың ауызсуға деген құқығы қорғалуы тиіс. Ал көп жылдан бері дау тудырған ұңғыманың мемлекет меншігіне өте ме, әлде өзге шешім қабылдана ма – оған соңғы нүктені сот қояды.
Әскери бөлімде әлем чемпионатының жүлдегері қызмет етеді
         <description> Қарулы Күштер қатарында жауынгерлік дайындықпен қатар, ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген сарбаздар аз емес. Солардың бірі — Шымкент қаласының тұрғыны, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Полатбек Теміров. Темірдей тәртіпті ұстанатын ол Отан алдындағы борышын өтеуге өз еркімен аттанған. Полатбек  2022 жылдан бері толайым табыстарға қол жеткізді. Мәселен, 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел біріншілігінің төрт дүркін күміс және төрт дүркін қола жүлдегері атанды. Бүгінде әскери өмірдің қатаң режиміне бейімделген бозбала, шынығу жұмыстарын казарма қабырғасында да тоқтатқан емес.
 ПОЛАТБЕК ТЕМІРОВ САРБАЗ 
Әскерге келгенге дейін пауэрлифтинг спорт түрімен кәсіби түрде айналыстым. Қазіргі таңда әскери борышымды өтеп жүріп, спортпен айналысуға барлық мүмкіндікке ие болып отырмын. Мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалған. Әскери қызметімді аяқтағаннан кейін де спорттағы кәсіби мансабымды жалғастыру жоспарымда бар. Әскерге барудан қорқып жүрген жастарға айтарым алаңдамаңыздар. Әскери өмірдің де өз тәртібі мен артықшылықтары бар. Мұнда қорқатындай ештеңе жоқ.</description>
Жасанды жаңбырдың өңірдегі ауа-райына қатысы жоқ
         <description>Түркістан облысында соңғы уақыттары тым жиілеп кеткен жауған жауын-шашын жасанды жаңбырға ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы жауапты мамандар ресми мәлімдеді. Олардың айтуынша, өңірдегі ауа-райының құбылуы табиғи үрдістерге байланысты. Ал Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан жасанды жаңбыр жобасы құрғақшылықпен күресуге бағытталған пилоттық бастама. Оның негізгі мақсаты құм көшкінін тоқтату, топырақтағы ылғалды сақтау және су ресурстарын тиімді басқару. Осы уақытқа дейін Созақ ауданы мен Қызылқұм аймағында бірнеше тәжірибелік сынақ жүргізілген. Мамандардың айтуынша, қолданылатын реагенттер белгілі бір аумақты ғана қамтиды. Айта кетейік, жоба халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асуда және толықтай Біріккен Араб Әмірлігі қаржыландырып отыр.  
ҚАЗЫБЕК БЕДЕБАЕВ – «ТҰРАН СУ» ШЖҚ МКК БАСШЫСЫ      
Біздің өңірді таңдаған себебі, соңғы жылдары жауын-шашын аз болып, су қоры азайып, шөлейтті жағдайға айналып бара жатқанына байланысты. Склейка  Жалпы бұл жасанды жаңбыр деген белгіленген аумаққа ғана болады. Былай айтқанда диаметрі 5 шақырым ғана құрайды. Склейка Екі елдің ынтымақтастығының арқасында жәрдем және оқу-жаттығу үйретіп жатыр бізге. </description>
Әскери қызметті таңдаған жастар саны артып келеді
         <description>Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген әрбір 10-шы сарбаз келісімшарт  негізінде  қызмет етуді қалайды.  Биыл 700-ге жуық жас сарбаз мерзімді әскери қызметтен кейін әскери мансабын жалғастыруға шешім қабылдаған. Ал, Елордадағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген 100 сарбаз келісімшарт негізінде қызметте қалмақ. Бұл жастардың әскери қызметке деген қызығушылығының артып келе жатқанын, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға ұмтылып отырғанын көрсетеді. Алдағы уақытта ұландық сарбаздар жауапты лауазымдарға тағайындалып, жеке құрамның қызметін жетілдіруге атсалысады.
ЖАСҰЛАН ҚЫЛЫШБЕК 5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІНІҢ КОМАНДИРІ
Алғаш әскерге яғни 5573 әскери бөлімшесіне келгеннен бастап осы кезге дейін ойымда болған болатын. Келісім шарт бойынша осында қалып, Ұлттық ұланда өзімізді көрсете білсек деген мақсатпен. Қазіргі таңда толыққанды тексерістен өтіп, комиссияға кіріп, ендігі қалғаны әскери шенімізді алып қызметке кірісу. </description>
Оқушылар АҚШ-тағы әлемдік жарысқа жолдама алды
         <description>Түркістандық оқушылар роботтехникадан әлемдік сайысқа жолдама алды. NIS мектебінің командасы халықаралық FIRST бағдарламасы аясындағы іріктеу кезеңдерінде үздік шығып, АҚШ-тың Техас штатында өтетін финалдық жарыста Қазақстан намысын қорғамақ. Әлемнің мықтыларымен сынға түсетін жас өнертапқыштардың жобасы жайлы тілшіміз тарқатады.
Шағын көрінгенінген бұл роботты құрастыруға 6 миллон теңге қаржы жұмсалған. Нақты тапсырмаларды орындауға бейімделген бөлшектердің компоненттері шетелден арнайы алдырылыпты. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары FIRST әлемдік жарысына қатысу үшін жобаны былтыр қыркүйек айында қолға алған. Құлтемірдің негізгі міндеті белгіленген уақыт ішінде мүмкіндігінше көп допты нысанаға дәл түсіру. 
ЗАҢҒАР ФЕРМЕБАЙ ОҚУШЫ 
Арнайы детальдар алудамыз. Мысалға корпусты арнай пластиктен істеп жатырмыз. Ол өте жеңіл. Роботтың қимылдауы берік болады. Бұл бізге көбірек доп лаққтыруға көмектеседі. // 02:48-20:50 // Алдағы жарста бірінші орынды аламыз деген сенімдеміз
Өнертапқыштар осы роботпен АҚШ-та өтетін әлемдік жарыста бақ сынайды. Ақтық сынға дейін олар бес бірдей іріктеуде жеңімпаз болып, қарсыластарынан озып шыққан. Талпыныстың арқасында өрендер Қытай мен Америкаға жолдама алып, ел намысын Техас штатында қорғамақ.  
МЕРЕЙ ТЕҢГЕБАЙ ОҚУШЫ
Біз үшін бұл іс шара өте маңызды болып тұр. Себебі, біз Қазақстанды халықаралық сахнада көрсететін жалғыз қазақ команда болып тұрмыз. АҚШ-тың Техас штатындағы жарысқа барамыз. Біз бұған дейінгі елдерге өз қаражатымызбен бардық. 
 FIRST - әлем бойынша оқушылар арасында өткізілетін беделді инженерлік-техникалық жарыс. Бұл сынға Қазақстан атынан түркістандық өнретапқыштар ғана қатысады.  Егер жеңіске жетсе, оқушылар әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады. Жастардың бұл талпынысы еліміздің халықаралық аренадағы танымалдылығын  нығайта түспек. </description>
Балаларға арналған кешенді шығармашылық орталық ашылды
         <description>Жезқазғанда балаларға арналған кешенді шығармашылық орталық ашылды. Бұл Ұлытау өңірінде соңғы 70 жылда алғаш бой көтерген әлеуметтік бағыттағы заманауи дамыту орталығы. Баланың зейіні ашылсын деген сеніммен "Шабыт" деп аталған су жаңа шығармашылық кешен Болат Өтемұратов қорының қолдауымен салынған. Құрылысына 4 миллиард теңге қаржы жұмсалған орталықта арт-студия, қыш шеберханасы, ерте дамыту орталығы, хореография залдары мен робототехника кабинеттері, цифрлық өнер мен графикалық дизайн студиясы бар. Ғимарат бір уақытта 250 балаға дейін қабылдай алады. Үйірмелер тегін әрі үш ауысыммен өткізілетіндіктен, орталықтың күніне 600 балаға білім беру мүмкіндігі бар. Ғимаратты жобалау барысында инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың кедергісіз келуіне барлық жағдай жасалған.</description>
Аптап ыстықта жайлы оазис жасауда
         <description>Түркістанда  аптап ыстық басталды. Түс мезгілінде көшелер мен асфальт жамылғысы қатты қызатындықтан, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соның бірі – аэро тәсілмен қала көшелеріне су шашу. Мамандар бұл жұмыс қоршаған ортаның жайлылығын сақтауға және жолдардың төсенішін қорғауға бағытталғанын айтады.</description>
Үздік оқыған оқушылар Ақордада қонақ болды
         <description>Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ақордада» оқушылар қонақ болды. Шараға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық жасөспірім келді. Бұл оқушылар – оқуда озат атанғандар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ақорданың кішкентай қонақтары Президенттің жұмыс орнын өз көзімен көріп, резиденцияның тыныс-тіршілігімен етене танысты. </description>
Ағза ауыстырған жандар сайысқа түспек
         <description>Түркістанда ағзасын ауыстырған  және бүйректері дұрыс жұмыс істемейтіндіктен гемодиализ қабылдап жүрген жандар арасында ІХ республикалық спорт ойындары өтеді. Дәстүрлі жарысқа еліміздің 12 өңірінен сапортшылар келеді. Олар  жүзу, волейбол, үстел теннисі және дартс бойынша үздіктерді анықтайды. Жарыстың басты мақсаты – ағза донорлығының маңызын насихаттау және 2027-2028 жылдары өтетін Дүниежүзілік трансплантациялық ойындарға қатысатын Қазақстан құрамасына спортшыларды іріктеу. Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында ағза трансплантациясын қажет ететін 180 адам күту парағына жазылған. Оның 14-і – балалар. Өңірде әсіресе бүйрек трансплантациясына сұраныс жоғары болып отыр. Өткен жылы елімізде 349 трансплантациялық ота жасалса, оның 34-і Түркістан облысына тиесілі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың Түркістанда өтуінің өзіндік мәні бар. Рухани әрі тарихи орталық саналатын қала бүгінде жаңару мен дамудың мекеніне айналған. Осында өмір үшін күрескен жандар бас қосып, трансплантация жаңа өмірдің бастауы екенін дәлелдеуге ниетті. </description>
Балалар кітапханасына жаңа ғимарат берілді
         <description>Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа қоныстанды. 65 жылдық тарихы бар ұжымның қорындағы кітаптар бұған дейін «Фараб» кітапханасында сақталып келген. Балалар мерекесі қарсаңында кітапсүйер балдырғандарға арналған нысанның ашылуы өтті. </description>
Бүлдіршіндер шаттыққа бөленген мереке
         <description> Ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндер де мерекеден қалыс қалған қалған жоқ. «Шексіз әлем» атты мерекелік шарада 80-ге жуық дарынды бала өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сахнада әуезді әндер шырқап, заманауи және классикалық би биледі. Ал түрлі мультфильм кейіпкерлері кештің көркін келтіріп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Шара барысында талантты өрендерді облыс әкімі мен зиялы қауым өкілдері құттықтап, 120-дан астам балаға арнайы сыйлықтар табысталды.</description>
Жарқын болашақ - бақытты баладан басталады
         <description>Әрбір бүлдіршінің шат күлкісін сақтап, бейбіт аспан астында бақытты күн кешуі ата-ана мен мемлекеттің басты назарында. Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістанда «Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады» атты мерекелік жиын өтті. Мыңнан астам жасөспірімнің басын қосқан мерейлі шарада өңірдің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген жас дарындарға ерекше құрмет көрсетілді.</description>
«Шекарасыз ынтымақтастық» атты халықаралық бизнес форум өтті
         <description>Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы байланыс нығая түсті. Бүгін өңір басшысы Нұралхан Көшеров пен бір топ кәсіпкер Ташкент облысында өткен «Шекарасыз ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық бизнес-форумға қатысты. Ауқымды жиын екі ел кәсіпкерлерінің тәжірибе алмасып, өзара әріптестікті нығайтуына мүмкіндік берді. Форумда тағы қандай мәселелер көтерілді? Тілші Бекболат Тілеуберген тарқатады.</description>
Дербісектегі ұңғыма мәселесі заң аясында қаралып жатыр
         <description>Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы ауыз су мәселесіне қатысты дау қоғам талқысына түсті. Әлеуметтік желіде тараған бейнеүндеулерден кейін аудан әкімдігі  көшпелі брифинг өткізіп, жағдайға ресми түсініктеме берді. Жауаптылардың сөзінше, ауылда ауыз су тапшылығы жоқ. Ал дау тудырған «ТП-32» ұңғымасына қатысты мәселе заң аясында қаралып жатыр.</description>
Балаларға Ұлттық қордан 900 млн доллардан астам қаражат аударылды
         <description> Биыл қазақстандық балалардың Ұлттық қордағы шоттарына 900 миллион доллардан астам қаражат аударылды. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді. Айтуынша, «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша бөлінетін ақша көлемі жыл сайын өсіп келеді. 2024 жылы әр балаға 100 доллардан берілсе, биыл 130 доллардан аударылған. Жиналған қаражатты балалар 18 жасқа толғанда оқуына немесе баспана алуға пайдалана алады.</description>
Бірнеше мемлекеттік қызметкерге ескерту жасалды
         <description>Әдеп кеңесінің кезекті отырысында бірнеше мемлекеттік қызметкерге ескерту жасалды. Оның ішінде Кентау қаласы білім бөлімінің басшысына қызметтік көлікті жеке мүддесіне пайдаланғаны үшін тәртіптік жаза қаралды. Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маманы да келмеген тауарға төлем жасағандықтан дәл осы жаза түрін арқалады. Сондай-ақ Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына әдеп кодексінің талабын бұзғаны үшін ескерту берілді. Жалпы, басқосуда 10 мәселе қаралды. Жиында мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты Кентау қаласы әкімінің, Жетісай қаласы әкім аппараты әдеп жөніндегі уәкілі есеп берді. </description>
Арыста жаңа сервистік депо салынуда
         <description>Тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс қаласындағы теміржол саласына тың серпін беретін ірі жоба  қолға алынды. Бағыттар түйісіп, пойыздар толассыз ағылған бұл шаһар енді тек өткел емес, өндіріс пен технология тоғысқан орталыққа айналмақ. Францияның алпауыт компаниясы жүзеге асырып жатқан сервистік депо соның айқын дәлелі.  Жаңа жобаның құрылыс барысымен танысу мақсатында облыс басшылығы, халықаралық серіктестер мен сала мамандары бас қосып, оның мүмкіндіктерімен танысты. </description>
ЕАЭО ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру өзекті
         <description>Еуразиялық экономикалық одақтың жаһандық сын-қатерлерге төтеп беретін әлеуетін күшейту қажет. Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді. Мемлекет басшысы бүгінде әлемдік экономикадағы өсім баяулағанын айтып, бұл жағдай Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де әсер ететінін жеткізді. Сондықтан ұйымның ішкі тұрақтылығын нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ былтыр одақ елдері арасындағы тауар айналымы 95 миллиард доллардан асқанын айтты. Президент бүгінгі күннің тарихи мәніне де тоқталып, дәл осы күні, 2014 жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын еске салды.</description>