Диқандар алғашқы өнімін ала бастады

296
14.04.2025 19:10

Жетісайлық диқандар алғашқы өнімін ала бастады. Ақпан айының соңында егілген қырыққабаттар бүгінде нарыққа шығып, алды көршілес мемлекеттерге экспортталуда.  Негізінен ерте пісетін орамжапырақтың басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне жеткізіледі.