Бюджет кірісінің төмендеуі жылдар бойы жалғасып келеді. Бұл туралы Мәжіліс спикері республикалық бюджетті талқылау барысында айтты. Ерлан Қошановтың сөзінше, Үкімет тарапынан кірістерді қалпына келтіру және бюджетті ұзақ мерзімді тұрақтандыру бойынша пәрменді әрекеттер жоқ. Мәжіліс отырысында 2 фракция ең маңызды құжат яғни алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын қолдамады. Оған не себеп? Тілші тарқатып айтады.