Енді өз әкіміңізді таңдай аласыз. Бесінші қараша күні Түркістан облысындағы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтпек. Ол үшін өңірде арнайы аумақтық сайлау округтері құрылып, негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, сайлауға дайындық жұмыстары басталды. Әкім атануға үміттілер партия атынан немесе өз-өзін ұсынушы болып тіркеле алады. Ол үшін жалпы дауыс берушілер санының 1 пайызынан қолдау қажет.