Turkistan Feed
Облыс әкімі газ қазандықтарын құрастыратын жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты
         <description>Нұралхан Көшеров Кентауға жұмыс сапары барысында «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы газ қазандықтарын құрастыратын жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты. Жылына 30 мың дана өнім шығаратын зауыт өз тауарларын бүгінде ішкі нарықпен қатар Орталық Азия елдеріне экспорт жасап отыр. Бұл өндіріс Кентаудың индустриялық әлеуетін арттырып, өңірдегі инвестициялық жобалардың нәтижесін айқындай түсуде. Жұртшылықпен  кездесу барысында өңір басшысы аймақта алып өндіріс орындары жоқ екенін атап, оның есебінен шағын орта бизнесті дамытып, мүмкіндік болған жағдайға аймаққа инвестицияны молынан тарту керектігін айтты</description>
«Қазақстан Халқына» қоры білім саласындағы жұмыстарға қолдау көрсетуде
         <description>Биыл Түркістан облысындағы 100 ауыл мектебінде жаңа пән кабинеттері жасақталады. 300-ден астам заманауи сыныптарды құруға еліміздегі «Қазақстан халқына»  қоры арқау болмақ. Игі іс  «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы аясында жүзеге асуда. Бұдан бөлек, қор арқылы өңірдегі белсенді оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп, түрлі лагерлерге жолдама алған. Жалпы 2022 жылдан бері Түркістан облысына  «Қазақстан халқына» қоры арқылы 12 млрд теңгеден астам қаражат қайырымдылыққа жұмсалған. Оның ішінде 5,3 млрд теңге қаржы білім беру саласына бөлініп, 5 ірі жоба сәтті іске асырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтаумен қатар, білім гранттарына да басымдық берілген.  </description>
Мамандар шаруаларға жеңілдетілген несиелер туралы ақпарат берді
         <description>Түркістанда ауылшаруашылығы тауары өндірушілерге арналған маңызды жиын өтті.  Басқосудың басты мақсаты фермерлерге мемлекеттік жеңілдетілген несиелік бағдарламалардың мүмкіндіктерін таныстыру. Сондай ақ, асыл тұқымды мал  сатып алуға бағытталған «Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламаларының шарттары айтылды. Кездесуде сала сарапшылары шаруаларға несие алу және қаржыландыру тетіктерінің ең тиімді жолдарын көрсетті. Ал қожалық иелері кепілдік қамтамасыз ету және құжат тапсыру бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға толымды жауап алды. Шара соңында, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау бойынша алдағы нақты қадамдар айқындалды. </description>
Тыйым салынған жерде шомылғандар жазаланды
         <description>Шымкентте шомылуға тыйым салынған  айдындарда суға түскен 36 тұрғынға айыппұл салынды. Шаһардағы өзен-каналдарда тексеріс күшейіп, құтқарушылар рейдке шықты. Шомылу маусымы басталғалы ересектердің қарауынсыз қалған екі бүлдіршін суға батып кеткен. Мегаполис аумағындағы  екі өзен мен 34 каналдың ішінде тек 3 жерде ғана суға түсуге рұқсат бар. Соған қарамастан, қауіпке бас тігетіндер азаймай тұр. Бақылаушылар баланың қауіпсіздігіне ата-ана тікелей жауапты екенін қатаң ескертеді.</description>
Өңір басшысы кентаулық тұрғындардың мәселесін тыңдады
         <description>Билік бұқараның базынасына дер кезінде  жауап қатты.  Әлеуметтік желіде өз өтінішін жеткізе алмағанын айтқан кентаулық азаматты облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қабылдады. Мәселенің мән-жайына құлақ түрген өңір басшысы,  жауапты сала мамандарымен ақылдаса келіп,  оның шешілу жолдарын түсіндірді. Осылайша, билік пен бұқара арасындағы кері байланысты нақты іспен көрініс тапты. 
Талапқа сай келмеген 9 балабақша жабылды
         <description>Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жабылып, мемлекеттік қаржыландырудан қағылды. Бұл шаһардағы мектепке дейінгі мекемелерге жүргізілген ауқымды тексерістің нәтижесі. Тексеру барысында мамандар 283 балабақшаның жұмысын зерделеп, бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Соның салдарынан ережені бұзған мекемелер мемлекеттік тапсырыс алу құқығынан айырылып отыр. Жалпы, қазіргі таңда Шымкентте 76 мыңнан астам бүлдіршін балабақшамен қамтылған. Ал орын тапшылығын жою үшін жыл соңына дейін жекеменшік балабақшалар есебінен тағы 3 жарым мың жаңа орын ашылмақ.</description>
Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты семинар өтті
         <description>Цифрландыру қарқын алған сайын киберқауіпсіздік мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Бүгінде интернет-алаяқтары қарапайым азаматтарды ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен ірі компанияларды да нысанаға алған. Сондықтан дербес деректерді қорғау мен цифрлық сауаттылықты арттыру аса маңызды. Осы бағыттағы өзекті мәселелер Түркістанда өткен ақпараттық қауіпсіздікке арналған республикалық семинарда талқыланды.</description>
Аналық жасушасын мұзда сақтайтындар көбейді
         <description>Бүгінде аналық жасушасын мұздатып, ана болу бақытын кейінге шегеретіндер көбейді. Орда бұзар отызға келсе де, отау құруға асықпайтын арулар заманауи медицинаның «криоконсервация» тәсіліне жүгінетін болған. «Болашақты консервілеу» қаншалықты дұрыс? Салдары мен зардабы жоқ па? Тақырыпты әріптесім тарқатып айтып береді. </description>
Медициналық кітапша цифрлық форматқа көшті
         <description>Енді медициналық кітапшаны өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Деректер электронды форматта рәсімделіп, телефон арқылы кез-келген уақытта қолжетімді болады. Бұл құжатты жоғалтып алу қаупін азайтып қана қоймай, медициналық тексерудің мерзімін бақылауды да жеңілдетеді. Тақырыпты әріптесім Көркем Әбдіғали зерттеп көрген еді. 
Археолог мамандығын таңдайтын жастар азайған
         <description>Ғасырлар қойнауына жасырынған құпия көп, бірақ оны аршып, зерттейтін маман жоқ. Қазақстанда археологтар тапшы. Тіпті мемлекеттік білім грантын бөлінсе де, ауыр әрі қызығы мен шыжығы қатар жүретін салаға барғысы келетін жастардың қатары сиреген. Талапкердің жоқтығынан кейбір университеттерде археология факультеттері мен бөлімдер жабылып қалуда. Ал жер астында тұтас бір дәуірдің тарихы жатыр. Оны келер ұрпақ үшін кім зерттейді? Тілшіміз Дана Қазыбек тарқатады.</description>
Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты шақыртулар саны артқан
         <description>Шымкентте жақынынан жәбір көріп, жапа шеккендер азаяр емес. Жыл басталғалы полицияның «102» пультіне дәл осы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 4 мыңнан аса қоңырау түскен. Отбасындағы озбырлықты тоқтату үшін тәртіп сақшылары рейдтік шараларды күшейтуге мәжбүр. Өңірдегі ушыққан мәселені тілшіміз тарқатады.
ЗКТ: Кейіпкеріміз түрін көрсетпеуді, атын атамауды өтінді. Себебі, өз құрсағынан шыққан ұлынан таяқ жедім деп жұртқа жариялауға намыстанады. Төрт жыл бойы 40 жастағы перзентінің қорлығына үнсіз төзіп келген ана, ақыры шыдамы шегіне жеткенде тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.</description>
Зайырлылық – қоғамның басты қағидаты
         <description>Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қоғамды екіге жарып, түрлі пікірталас тудырған бейнежазбалар жиі талқыланып жүр. Мамандар мұндай жағдайда жеке көзқарасты қоғамға күштеп таңу, азаматтарды жынысына, кәсібіне немесе өмірлік ұстанымына қарай алалау елдік құндылықтар мен қоғамдық әдепке қайшы екенін айтады. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан елде барлық азаматтың құқығы Конституциямен қорғалады және заң алдында бәрі тең. Мемлекет әркімнің ар-ождан және діни сенім бостандығына кепілдік береді. Сонымен қатар ешкімнің өз көзқарасын өзгелерге міндеттеуге немесе өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою арқылы қоғамды жікке бөлуіне жол берілмеуі тиіс. </description>
Шымкенттіктердің жартысынан астамы дауыс беру құқығына ие
         <description>Шымкентте партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына 57 орын белгіленіп, сайлаушылармен кездесу өткізуге 10 алаң әзірленді. Саяси науқанда 710 мыңға жуық шымкенттік өз таңдауын жасайды. Бұл – қала халқының 54,2 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда сайлаушылар саны 14  мың 632 адамға артқан. Науқанның әділ әрі ашық өтуі үшін халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты. Жалпы, сайлау комиссияларының құрамына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері енгізілген.</description>
Құрылтай сайлауына дайындық қалай?
         <description>Түркістан облысында Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Науқан кезінде  952 учаске қызмет көрсетеді. Бүгінде өңірде 1 миллион 200 мыңнан астам сайлаушы есепке алынған. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Түркістан қаласы мен Сауран ауданында төрт жаңа сайлау учаскесі ашылып, алты учаскенің шекарасы кеңейтілді. Сондай-ақ, сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін  31 қоғамдық бірлестік аккредиттелген. Ал, ақпараттық қолдау көрсету мақсатында облыстық «109 – Бірыңғай» Call-орталығы мен сенім телефондары жұмыс істеп тұр. </description>
Тексеру комиссиясына  15 жыл
         <description>Бюджет қаражатын тиімді игеру. Қаржылық ашықтық. Тексеру комиссиясының басты міндеті. Биыл дәл осы ұйымның құрылғанына 15 жыл. Осы аралықта жергілікті жердегі қаржылық тәртіптің іргетасына айналды. Соңғы 6 жылда қаржы саласында 1,5 трлн теңгені қамтыған бұзушылық анықталған. Оның 1,1 млрд теңгесі бюджет кірісіне өтелген. Сондай ақ, 2 мыңға жуық лауазымды тұлға тәртіптік, мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 200 млн теңгеден астам айыппұл салынып, бюджет кірісіне түскен. Мерейтой аясында, дәл осы салада еңбек еткен азаматтар ескерусіз қалмады. Оларға «Тексеру комиссиясының құрылғанына – 15 жыл» мерекелік төсбелгісі табысталды. </description>
Татьяна Бурмистрованың шығармашылығына – 50 жыл
         <description>Қазақ домбырасын серік етіп, ұлттық өнерді ұлықтауға жарты ғасыр ғұмырын арнаған Татьяна Бурмистрованың шығармашылық кеші өтті. Өнерсүйер қауым бас қосқан салтанатта әнші-домбырашының сан жылдық еңбегі еленіп, көрерменнің сүйікті әндері тарту етілді. </description>
Жаңарудың сегіз жылдық белесі
         <description>Түркістан тек рухани астана ғана емес, бүгінде халықаралық ірі спорттық және мәдени іс-шаралардың орталығына айналып келеді. Облыс мәртебесін алған 8 жыл ішінде өңірдің инфрақұрылымы мейілінше жетілді. Бос жатқан байтақ  далада  әлемдік стандарттарға сай нысандар бой көтеріді . Бұл тек құрылыс қана емес, бұл жаңа дәуірдің тынысы. Қазір өңірге миллиартаған инвестиция құйылуда.</description>
Бақ қызметкерлері спорттық сайыста бақ сынады
         <description>Түркістанда Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында журналистер арасында спартакиада өтті. Жарысқа сегіз команда қатысты. Төрт спорт түрінен өткен тартысты бәсекеде тілші қауымы ептілік пен шеберліктерін ортаға салды. 
Екі ел ынтымақтастығына 20 жыл
         <description>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен Черногория Президенті Яков Милатович келді. Ақордада өткен салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздер қорытындысында тараптар дипломатиялық байланыстардың 20 жылдығын атап өтіп, сауда көлемін ұлғайту, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм, жоғары білім және ғылым салаларындағы серіктестікті дамытуға уағдаласты. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады.</description>