Түркістанда 10 күнде 756 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

130
29.09.2022

Түркістан облысында соңғы 10 күн ішінде 756 әкімшілік құқық бұзушылық орын алды.Тәртіп бұзғандарды жедел басқару орталығының операторлары бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Заманауи құрылғылар арқылы қауіпсіздік белдігін тақпаудың 391, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 39, тыйым салынған жерде тоқтаудың 40 жағдайы белгілі болған.