Саурандық шаруа қарбыз егіп, мол өнім алды

382
05.07.2022

1 гектар  70-80 тонна қарбыз.  Түркістандық диқан Бақытжан Қамбаров өткен жылы осынша өнім жинапты. Биыл да қамбаны астыққа толтырамын деген ниетте. Қазірдің өзінде 90 күн бойы төккен тердің алғашқы жемісін көре бастады. Енді оларды жүк көлігіне тиеп, өзге облыстарға, болмаса көрші елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.  Өткен жылы Түркістан облысы Сауран ауданында 40 958 гектар жер игерілді. Ал осы жылы жоспар артығымын орындалды. Шорнақ ауылдық округінің өзінде 13300 гектардан аса бақша өнімі егілген. Бүгінде Түркістан қаласы мен қатар өзге аймақтарды да бақша өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.