Ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда

14
11.11.2025

Келес ауданындағы 83 елді мекеннің 64-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Ал қалған 19 ауылдың 15-інде құрылыс қызу жүріп жатыр. 4 елдімекен экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірде 278 шақырым жаңа су құбыры тартылған. Бұл — мыңдаған тұрғынның таза ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берген. Дегенмен кейбір ауылдарда жер асты суларының төмендеуі мен ұңғымаларда құмның жиналуы сынды қиындықтар кездесіпті. Сондықтан 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары қабылданған.