Аялдама терезесін сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

73
09.10.2025

Астанада түнгі уақытта аялдама павильонының терезесін сындырған ер адам ұсталды. Оқиға түнгі үш шамасында болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода белгісіз азаматтың аялдама әйнегін қалай қиратқаны көрінеді. Жедел жеткен полиция қызметкерлері оны оқиға орнында қолға түсірді. Тексеру барысында ер адамның мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты «Өзгенің мүлкін әдейі жою немесе бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері елордада қалалық мүлікті бүлдірудің 200-ге жуық дерегі тіркелген.