Екі жылдың ішінде цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қатысты 17 қылмыстық іс тіркелді. Залалдың жалпы көлемі – 1 миллиард 300 миллион теңге. Ең көп майнинг фермасы Астанадан табылған – 6 бірдей заңсыз цех анықталды. Шымкент пен Қостанайда тағы үшеуден тіркелген. Кейбір фермалар электр энергиясын ұрлап келген. Олардың тұтынған қуаты бір шағын қаланың қажеттілігіне пара-пар. Электр энергиясын ұрлау салдарынан ресурстар нақты бизнес-жобаларға, өнеркәсіп пен әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етуге жетпей қалған. Тергеу барысында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық актив тәркіленді.