Түркістан облысы тек ауыл шаруашылығымен ғана емес, өндірістік әлеуетімен де ерекшеленіп келеді. Соңғы жылдары өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, жергілікті тұрғындарға тұрақты жұмыс орындары ұсынылуда. Соның бірі – Сайрам ауданындағы ірі жиһаз фабрикасы. Өндіріс орнындағы жұмыс барысымен әріптесім Бекболат Тілеуберген танысып қайтты.