Үкімет үйінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша баспасөз конференциясы өтті. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты. Ол өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Айтуынша, биыл жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде 196 млрд теңгеге 47 жоба жүзеге асырылып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл шаралар нақты секторды дамытуға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған.