Түркістанда жаңа ансамбль құрылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ардақ Балажанованың жетекшілігімен ашылғано оркестрлік құрам "Түркістан" деп аталады. Мұндағы мақсат – ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, өнерді қолдау арқылы қаланың туристік әлеуетін арттыру. Яғни ансамбль өз тыңдармандарын ұлттық үн мен заманауи музыканы үйлестіру арқылы тартады. Айта кетейік, аталған ансамблдің алғашқы мерекелік кеші 14 наурыз күні өтеді.