Меккеге жаяу аттанып барады

160
17.04.2024 02:47

Жұрт ұшақпен жете алмай жүрген Меккеге велосипедпен кетіп барады. Сапарға шыққанына 10 күн болған тәжікстандық Шүкіролла атай жолай Түркістанға соғуды жөн көріпті. Осы сәтті ұтымды пайдаланған әріптесіміз Балым Әлішер онымен сұхбаттасып қайтты. 

Сонау Тәжікстаннан - Меккеге бара жатқан қариямен жолымыз Үкаша ата кесенесінде түйісті. Сақалы белуардан келетін қарияның осы жасында киелі мекенге жалғыздан-жалғыз аттануына ұл-қыздары мен үйдегі әжей де қарсы болыпты. Бірақ атай өз дегенінен таймай тұрып алған соң, ешкім оның жолын бөгей алмаған. "Өмірдің қиындығын осылай көргім келді-дейді ол.