Діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру керек

63
16.04.2024 22:04

Қазақстандықтарда терроризм және экстремизмге қарсы имунитет қалыптасуы керек. Бұл туралы Түркістанда өткен  «дін мәселелері бойынша білікті маман даярлау» семинарында айтылды. 2009 жылдан бері елімізде теріс ағымға үндейтін 1200-ге жуық ақпарат құралдарына шектеу қойылған. Басты міндет тұрғындарды жат ағымнан қорғау дейді кездесуге келген Қазақстан Республикасы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Кәкімжан Бишманов. Сондай-ақ кездесуде дін саласындағы кадр тапшылығы жайы да айтылды .Айта кетсек шараға 150 ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында дін саласы бойынша мамандар, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері бар.