Елімізде жаңадан 57 су қоймасы салынады

53
15.04.2024 16:26

Елімізде жаңадан 57 су қоймасы салынады. Президенттің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспарын әзірледі. Оған сәйкес, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын қайта жаңартуды, сондай-ақ 3 628 тік дренажды ұңғыманы бұрғылау қарастырылған. Ал бүгінде 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір тұр екен. Суару жүйелерінің тозуы салдарынан тасымалдау кезінде судың шығыны мәселесін шешу үшін 14 мың шақырымнан астам каналды реконструкциялау да жоспарланып отыр. 1-кезеңде биыл және келесі жылы ұзындығы 3 500 шақырым 337 арнаны қайта жаңарту жоспарланған.