Облыс әкімі су арналарының жөндеу жұмыстарын сынға алды

50
15.04.2024 16:23

Облыс әкімі жұмыс сапарында Түлкібас аудандағы су нысандарының жай-күйімен де танысты. Айта кетсек, ауданда барлығы 113 су каналы бар. Қазіргі таңда «Қазсушар» теңгеріміндегі 13 ағын су каналы күрделі жөндеуден өтуде. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда 125 шақырымның қазіргі таңда тек 27 шақырымы ғана жөңделген. Аймақ басшысы жауаптыларға ескерту жасап, құрылыс жұмыстарын жандандыруды тапсырды.