Су тасқыны бойынша елдегі жағдай бақылауда тұр

44
15.04.2024 16:18

Су тасқыны бойынша елдегі жағдай бақылауда тұр. Өзен арналары мен су қоймалары күні-түні күзетіледі.  Азаматтық қорғау қызметтері су басқан аймақтардан 108 мың 200 адамды, оның ішінде 38 мың 706 баланы құтқарды. 11 мың 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 мың 444 адам, оның ішінде 3 мың 111 бала бар.