«Жібек жолы» кеден бекетінің маңы жабайы сауда орнына айналған

63
12.04.2024 22:35

Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінің маңы жабайы сауда орнына айналған. Одан қалды ауданда қылмыс саны да артыпты. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Елдімекенге облыс әкімнің бірінші орынбасары арнайы барып, жиын өткізді. Полиция мен прокуратура өкілдерімен ретсіз сауда алаңдарын аралап, құзырлы органдарға тапсырма берді. 

«Жібек жолы» - тек Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ғана емес Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі. Бұл жерден күн сайын 40 мыңға дейін жолаушы, 1200 жеңіл автомобиль және автобус өтеді. Дегенмен шекарадағы ауылдың маңы жабайы сауда алаңына айналып кеткен. Ақша айырбастау пункттері мен заңсыз таксилер, шекарадан өтушілерге түрлі қызмет көрсетіп отырғандар көп. Тіпті былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көбейіпті.