Түлкібаста 200 түп ағаш отырғызылды

321
15.05.2023 10:14

Түлкібаста бір күнде 200 түптен астам ағаш отырғызылды. Игі іс республикалық «Жасыл мекен» республикалық челенджі аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға 51 мектептен 300-ден астам білім беру саласының маманы мен 4000-нан астам оқушы қатысты. Көктемгі ағаш отырғызу науқанында емен, шынар, арша, қарағаш, шырша ағаштары егілген. Түлкібас ауданы  эстафетаны Сайрам ауданына жолдады.