Түркістан облысындағы ең үлгілі аула

318
12.05.2023 08:06

Үлгілі аула байқауы үшін түсірілім тобы Сайрам ауданына тұрақтады. Кезекті кейіпкерлер Кәрімқұловтар әулеті. Олардың шаңырағы несімен дараланбақ?! Көлкент ауылының тумасы Әлішер Кәрімқұлов еңбекқор жан. Үй ауласын аттап басқаннан тазалығы мен жасыл желегіне таңдай қағасың. Бақшасын баптаған бағбанның ермегі де, кәсібі де осы. Аула ішіндегі 2 соттық жерде алма бағы бар. Амантай сұрпындағы бұл алма ерте піседі. Оларды өздері осы баспанаға көшіп келген жылы еккен екен. Қазір 17 жыл болыпты. Алмамен қатар 10 түрлі жеміс ағашы бар. Гүлдері да жайқалып тұр. Әлішердің жаз мезгіліндегі кәсібі осы алма саудасы. Алайда диқан өткен аптадағы желдің салдарынан жазғы несібесінен қағылыпты.