Түркістанды көргім келеді жобасы

685
12.05.2023 03:59

Біз түркі дүниесінің рухани астанасын басқа қырынан көріп, оқырманға әсерлі бейнелейтін блогер-мобилографтарды іздейміз. "Turkistan" телеарнасы "Түркістанды көргім келеді" тележобасының екінші маусымын бастамақ. Тележоба 3 күнге созылады. Осы аралықта, Түркістанның тарихи жерлерін аралап, әсем табиғатында демаласың. Біздің 1 ғана шартымыз бар. Рухани қалада өткізген әр күніңді, тамашалаған әр нысанды өз көзқарасыңмен оқырманыңа көрсету. Жүлде қоры 1 000 000 тг.  smm@turkistan.tv поштасына 1,5 минуттық видео мен өзіңіздің фотосуретіңізді жолдау арқылы, тарихи мекенді көру мүмкіндігіне ие боласыз! Бейнежазбада Түркістанды көруге неге дәл сенің лайықты екеніңді түсіндірсең жеткілікті. Жоба қатысушылары baiqau.turkistan.tv сайтында дауыс беру арқылы анықталады.

 

І кезең - Өтінімдерді қабылдау

1. smm@turkistan.tv поштасына  "Түркістанды не үшін көргім келеді?" тақырыбында 1,5 минуттық видео түсіріп, өзіңнің фотосуретің мен толық ақпаратты жолдау.

Өзің түсірген бейнематериалды #ТүркістандыКөргімКеледі2 хештегімен инстаграм парақшаңа жүкте.

 

ІІ кезең - Іріктеу кезеңі

Жоба қатысушылары 50% baiqau.turkistan.tv сайтында дауыс беру және 50% комиссия мүшелерінің шешімі арқылы анықталады.

 

ІІІ кезең - "Түркістанды көргім келеді" тележобасы

Іріктеліп алынған 5 қатысушы бізбен бірге аралаған Түркістанның көрікті орындарын өз көзқарастарымен түсіріп, оқырмандарына жариялау қажет. 

 

IV кезек - Қорытынды

5 қатысушының арасынан үздік деп танылған 3 жүлдегерге ақшалай сыйлықтар табыс етіледі. Жүлде қоры 1 000 000 теңге!