Түркістан облысындағы үлгілі аула

226
11.05.2023 05:50

 Арнамыздағы "Үлгілі аула" байқауы әлі де жалғасуда. Бірінен-бірі асып түсетін жасыл желегі жайқалған мұнтаздай таза аулалардың бәсекесі қыза түспек. Осы жолы түсірілім тобымыз арнайы Сайрам ауданына аттанды. Ондағы қатысушылардың ерекшелігі не де екен? Ақсукент ауылдық аймағындағы бұл көпқабатты тұрғын үй Асылбеков көшесінің бойында орналасқан. Әсіресе 8-інші және 10-ыншы үйдің тазалығы бізді тәнті етті. Мұнда тұрғындар ауланы күнделікті жинауды әдетке айналдырған. Олар жасыл желекті - таза ауаның кепілі санайды. Сондықтан алыстан көз тартатын қызыл-жасыл гүлдерін баптауға ерекше ұйымшылдықпен келген. Қала берді, есіктің алдын үнемі жып-жинақы ұстау үшін олар әр апта кезекшілік тағайындайды. Ал қоқыс жәшігін күнделікті тазалап отырамыз -дейді.

ШАХИДА САЙИБНАЗАРОВА  ТҰРҒЫН 

Иә, көпқабатты тұрғын үй атаулыға нағыз үлгі боларлық аула осындай болса керек. Аталған баспана іргесінде жеміс ағашының 10 түрі бар. Жайқалып өскені соншалық, тіпті оның үшеуінің өзі күннен көлегейлейтін кішігірім бақшаға айналған. Алқапқа тұрғындар жабылып қызанақ пен қияр еккен. Арасында бос қалған жерлеріне хош иісті гүлдің 20 түрін отырғызыпты. Тату көршілер ауланы кеше-бүгін емес, 12 жылдан бері дәл осылай баптап келе жатса керек. Ғимарат қолданысқа берілгелі бері осында тұратын Махбуба Миркамилова бұл жайлы былай дейді:

МАХБУБА  МИРКАМИЛОВА  ТҰРҒЫН

Айта кетейік, "Үлгілі аула" байқауына Түркістан облысының кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін тек көшесі мен ауласын мұнтаздай таза ұстап, айналасын абаттандыруы шарт. Сондай-ақ, үйінің сыртқы келбеті де көз тартарлықтай болуы тиіс. Байқау жеңімпаздарына демеушіміз Сарыағаштағы «Кәусар-Бұлақ» санаторийіне 5 күнге 2 кісілік жолдама ұсынып отыр. Егер сіздің де дәл осы байқауға қатысып, жеңімпаз атанғыңыз келсе, төменде көрсетілген 87075250073 нөміріне хабарласыңыз! Облыс бойынша ең үлгілі ауланы бірге анықтайық!