«Кемеқалған» тазартылды

27
17.04.2024 02:55

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында киелі жерлердің маңы шаң-тозаң мен қоқыстан тазартыла бастады. Игі іске Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты бастамашыл болған. Жастар «Киелі мекен» апталығының алғашқы күнінде Қазығұрт ауданындағы «Кемеқалған» монументі аумағын тазартып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. 100 шақты белсенді жас кешен аумағындағы қоғамдық мүлікті сырлап, таза қалпында ұстауға атсалысты.