Үкаша ата кесенесі маңайы абаттандырылды

27
17.04.2024 02:54

Апталық аясында киелі мекендер бір жаңғырып қалатын болды. Бүгін Түркістан облысында екі бірдей тарихи нысанда тазалық жұмыстары жүріп, 400 түп тал егілді. Оған 100-ге жуық ерікті мен депутаттар сондай-ақ мұғалімдер де жұмылдырылды. Игі шараға әріптесім Балым Әлішер де үлесін қосып қайтқан еді. Өзі баяндап берсін.