Ырғызда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр

18
16.04.2024 21:48

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, оның ішінде Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараға Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Тағы 100 ерікті жан тартылды. Қажетті инертті материалдар бар. Өткен аптада аудан аумағында Торғай өзеніндегі су деңгейі көтерілген еді. Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Үш ауылдан 900-ге жуық адам эвакуацияланды.