БҚО-да стратегиялық нысандарды қорғау шаралары күшейтілді

18
16.04.2024 21:46

Батыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу үшін дайындық жүріп жатыр. Үкіметтің хабарлауынша, тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізу үшін өңірде шоғырланған күштер тобы 6,3 мың адамнан асты. Елді мекендерден үлкен суды бұрып әкету және қарғын судан келетін шығынды азайту үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды. Облыста Төтенше жағдайлар министрлігінің  мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ волонтерлік ұйымдар да тартылған. Негізгі міндет – елді мекендердің тұрғындары мен олардың үйлерін су тасқынынан қорғау. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 700 мың құм толтырылған қапшық және 3 710 мың тонна инертті материал төселді. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді. Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды. Өңірде «Жедел желі» жұмыс істеп тұр. Оған 512 қоңырау келіп түскен.