Ақдала жастары мұқтаж отбасына үй салып берді

106
06.12.2023 09:13

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының жастары мұқтаж отбасыға жаңа баспана салып берді. Ынтымағы жарасқан тұрғындар жаңа үйді асарлату дәстүрімен аз уақытта тұрғызған. «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, игі іске 1981 мен 2002 жылға дейін туған барлық ауыл азаматтары атсалысқан. Яғни, ауыл жастарының бір легі іргетасын құйса, келесі легі кірпішін қалаған. Тағы бір легі ішкі жұмыстарын, келесі жылғылар сыртқы жұмыстарын өз мойындарына алыпты. Ал, қажетті жер телімін жергілікті әкімдік үлестіріп берген.