Мақтаарал ауданында ішімдіктен түбегейлі бас тартқан ауыл бар

22
29.04.2024

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында ішімдіктен түбегейлі бас тартқан ауыл бар. Мұндағы дүкендерде алкогольдік өнім мүлдем сатылмайды. Той-томалақ та арақ-шарапсыз өтеді. Соның арқасында соңғы екі жылда мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ал жастары спортқа бейім. Бірлігі жарасқан ауылдың тыныс-тіршілігімен тілшіміз Ажар Жұмағұл танысып қайтты.